Греф қазақстандық БТА банк төңірегіндегі жағдайды күрделі деп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Греф қазақстандық БТА банк төңірегіндегі жағдайды күрделі деп отыр

Греф қазақстандық БТА банк төңірегіндегі жағдайды күрделі деп отыр

Ресей Сбербанкінің басшысы Герман Греф қазақстандықБТАбанктөңірегіндегіжағдайдыкүрделідепатады, депfinmarket.ru хабарлады.

  • 4 Маусым 2011
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Ондағы жағдай күрделі, біз Қазақстан үкіметіне өз күдіктерімізді жеткіздік. Егер олар біздің қойып отырған шарттарымызды қабылдай алатын болса, онда біз дайынбыз. Мен, шынымды айтсам, оған деген үлкен мүмкіндікті көріп отырған жоқпын», — деп Г. Грефтің сайты жұма күнгі Сбербанктің жиналысының қорытындысында оның айтқан сөзін келтіреді.

Мамыр айында БТА банктің төрағасы Әнуар Сәйденов Сбербанктің банк капиталының құрамына ену туралы әрекеті орнынан жылжымағанын айтқан болатын. Бірақ Сбербанк БТА-ның due dilligence-сін аяқтады.

Бұрындары «Сараптамалық ресурстар студиясы» facebook-қа хабарлағандай, БТА банк сәуір айында несиелердің есебіне Т773,8 млрд ақшаны баланстан шығарып тастағаны туралы жазған болатын. Студияның мәліметтерінше банк портфелінің үштен екісі жұмыс істемейтін неиселер екен.

«Самқұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» холдингтің қайта құрылымданып жатуы себепті активтерді сатуды кейінге қалдырып отырған. ҰӘҚ-ның жаңа «еншілесі» — «Самұрық-Қазына Қаржы» ЖШС пайда болды.Оған БТА активтерін сату жүктелген.

Еске салсақ, 2009 жылдың 2 ақпанында банк акцияларының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жарияланды. 2009 жылдың 20 сәуірінде банк өз кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді тоқтататынын және банктің сыртқы қарызын қайта құрылымдау жоспары туралы мәлім етті. 2010 жылдың 18 сәуірінде «БТА Банк» кредиторлар комитетімен қайта құрылымдау шарттары туралы келісімге қол қойды. Қаржылық институттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл келісімде 2009 жылдың 7 желтоқсанында қол қойылып, 2010 жылдың 17 наурызда қол қойылған қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттарына түзетулер туралы келісімге сәйкес түзетілген БТА банкті қаржылық қайта құрылымдаудың шарттары баяндалған. 2009 жылы банк $4 млрд соманың міндеттемелерін өтеуге тиіс болатын. Банктің қарыздары бойынша дисконті 60-82,25% болды.

Банктің міндеттерін қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар 2010-шы жылы 28-ші мамырда мақұлдады.

1 қырқүйекте банк сыртқы қарызын қайта құрылымдауды аяқтағанын жариялады. Банк $11 млрд-қа қайта капиталдандырылды, оның міндеттемелері $22,9 млрд-тан $12,6 млрд-қа дейін төмендетілді.

«БТА банк активтерінің мөлшері жағынан қазақстандық банктердің арасывдағы үшіншісі. 2011-ші жылдың 1-ші мамырына банк активтері 1 трлн 99 млрд теңге болды. (оның ішінде 1 трлн 664 млрд теңге клиенттердің несиелері – ҚазТАГ), жеке капиталы – 173,79 млрд теңге, жыл басынан бері банк жаппаған шығындары Т7,6 млрд. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ банктің акционерлік капиталының 81,48%-ына иелік ететін басты акционер болып табылады.

2010 жылдың тамыз айында аяқталған қайта құрылымдаудан кейін БТА банктің кредиторлары оның акционерлері атанды, акционерлік капиталдың 18,5% солардың үлесінде. Миноритарийлердің үлесі — 0,02% акция.

ҰӘҚ-ны бұған дейін қордың басқарма төрағасының орынбасары болған Тимур Құлыбаев басқарады.

Соңғы жаңалықтар