Греф қазақстандық БТА Банкті сатып алу келісімшартын «ықтималды» деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Греф қазақстандық БТА Банкті сатып алу келісімшартын «ықтималды» деп атады

Греф қазақстандық БТА Банкті сатып алу келісімшартын «ықтималды» деп атады

Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Греф қазақстандық БТА Банкті сатып алу келісімшартын «ықтималды» деп атады, деп хабарлайды «КоммерсантЪ» газеті.

  • 30 Мамыр 2011
  • 451
Фото - Caravan.kz

«…Біз Қазақстан үкіметімен диалог процесіндеміз. Келісімшарт қарапайым емес. Біз келісімшартқа баруға болатын коммерциялық шарттарды белгіледік. Егер қазақ жағы ниет танытса, келісімшарт жүзеге асуы мүмкін. Біз бұл мәселеге бар күшімізді салып отырған жоқпыз: ол ықтималдық мәнге ие», — деп мәлім еткен Г.Грефтің сөзі басылымның 30 мамырда жарық көрген санында келтірілген.

Г.Грефтің пікірінше, «актив қазақ үкіметі тарапынан белсенді түрде қатысуды талап етеді».

Бұған дейін хабарланғандай, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры холдингтің қайта құрылуына байланысты активтерді сатуды кейінге қалдырған болатын. ҰӘҚ-тың жаңа еншілес ұйымы – «Самұрық-Қазына Финанс» ЖШС құрылды, БТА Банктің активтерін сату ісі соған тапсырылды.

Мамыр айының басында Ресей Сбербанкінің баспасөз қызметі агенттікке Қазақстан жағымен келіссөздерді БТА банктің 2010 жыл үшін аудиттелген есебі жарияланған соң бастайтынын хабарлаған болатын.

4 мамырда ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей Сбербанкінің басшысы Герман Грефпен кездесті. Олардың екеуара әңгімесінің мазмұны мен келісімшарт туралы ештеңе хабарланған жоқ.

Ақпан айында «Самұрық-Қазынаның» сайты «Сбербанк акциялардың 53%-ын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр» жеп хабарлады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ банктің акционерлік капиталының 81,48%-ына иелік ететін басты акционер болып табылады. 2010 жылдың тамыз айында аяқталған қайта құрылымдаудан кейін БТА банктің кредиторлары оның акционерлері атанды, акционерлік капиталдың 18,5% солардың үлесінде. Миноритарийлердің үлесі — 0,02% акция.

ҰӘҚ-ны бұған дейін қордың басқарма төрағасының орынбасары болған Тимур Құлыбаев басқарады.

Соңғы жаңалықтар