Грекия премьер-министрі отставкаға кететінін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грекия премьер-министрі отставкаға кететінін жариялады

Грекия премьер-министрі отставкаға кететінін жариялады

Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас отставкаға кететінін жария етті.

  • 21 Тамыз 2015
  • 274
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы сондай-ақ ел президентіне кезектен тыс парламенттік сайлау жүргізу туралы ұсыныс жасады. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, саяси дода 20 қыркүйекте өтуі тиіс. Еске сала кетейік, өткен аптада Грекия парламенті Еуроодақтың 86 млрд еуро көлеміндегі үшінші қаржылай көмек бағдарламасының шарттарын қабылдаған болатын. Есесіне Эллада елі шығындарды қысқартып, салықты көтеруі тиіс. Алайда дауыс беру кезінде Ципрас жетекшілік ететін СИРИЗА партиясы депутаттарының көбі қатаң үнемдеу шарттарына қарсы шыққан. Дей тұрғанмен сарапшылар Алексис Ципрас партиясы қайта сайлануы әбден мүмкін деген болжам айтып отыр. Ал әзірге үкімет басшысының міндетін Грекия жоғарғы сотының төрағасы атқаратын болады. Ақпарат 
http://24.kz/ сайтынан алынды.

Соңғы жаңалықтар