«Ант бергеннен кейін ел президенті Прокопис Павлопулос оны техникалық үкімет басшысы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Негізгі міндеті мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу болады», — делінген хабарламада.
Василика Тану-Христофилу Грекия тарихындағы министрлер кабинетін басқарған алғашқы әйел. Жаңа үкімет құрамы жұма күні жарияланатын болады.