Сонымен қатар, полиция алаяқтың басқа пайдаланушылардың компьютерлерін бақылауына алып, ондағы мәліметтерді пайдаланып, олардың атына жаңа несие карталарын алумен шұғылданған. Тінту кезінде оның үйінен 120-дан астам карта мен мың еуро қолма-қол ақша табылған.
Қазір ол компьютерлік алаяқтық, жалған құжат жасау, жеке бастың өміріне қол сұғу, заңсыз қару сақтау бойынша жауап береді.
Полицияның мәліметі бойынша, алаяқты екі жыл бойы аңдыған.