Грекияда сайлауда «Сириза» солшыл радикалдық топ жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грекияда сайлауда «Сириза» солшыл радикалдық топ жеңіске жетті

Грекияда сайлауда «Сириза» солшыл радикалдық топ жеңіске жетті

Грекиядағы сайлауда 36 пайыздан артық дауыс жинаған «Сириза» солшыл радикалдық партиясы  жеңіске жетті. Жаңа парламентте олар 150 орынды иеленбек. Бұл - тең жартысы, деп хабарлайды Би би си.

  • 26 Қаңтар 2015
  • 424
Фото - Caravan.kz


Олардан кейін 23-27 пайызбен «Жаңа демократия» оңшыл центристік партия келеді. Үшінші орында «Река» партиясы, олардың үлесі — 6,4 пайыз.

«Сиризаға» дербес басқару үшін 300 орынның 151-ін алу қажет. Бұған жетпеген жағдайда партияға коалиция құруға тура келеді. Грекияның Премьер-министрі Антонис Самарас «Сириза» партиясының көшбасшысы Алексис Ципрасты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.