Аяқ астынан осындай шешімнің қабылдануына билік партиясындағы алауыздық себеп. Халықаралық несие берушілермен жасалған меморандумды бекіту кезінде бұған Ципрастың жақтастары да қарсылық танытқан екен. 40 депутат бұл шешім Грекия жұртының құқығын аяқасты етеді деген ұстанымда болған. Құжатты ратификациялау оппозициялық партиялардың дауыс беруінен кейін ғана жүзеге асырылды. Енді өз еркімен отставкаға кеткен Алексис Ципрас 20 қыркүйекке жоспарланған сайлауға дейін партия құрамын тазартып, жаңа құраммен қайтадан билікті өз қолына алуға үміттеніп отыр.