Оны 31 мамыр мен 3 маусым аралығында Алматыда өтетін бұл дүбірлі дода қарсаңында құрама командалардың аға бапкерлері бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Былтыр Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен Әлем чемпионатында Халықаралық біріккен күрес стилдері федерациясы (FILA) Қазақстанға 2 жарысты сеніп тапсырған болатын. Оның біріншісі Астанада ересектер арасында өткен Азиялық тур, ал екіншісі Алматыдағы жастар арасындағы осы Азия чемпионаты. Кеше FILA-ның ресми делегациялары түгел келді. Жарысқа қазіргі таңда 17 команда тіркеуден өтті», — дейді ҚР Күрес федерациясының бас хатшысы Жаңаберген Қармандаев. Оның айтуынша, ұлттық құрама командаларын қосып отырған Ауғанстан, БАӘ, Вьетнам, Жапония, Иран, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Өзбексан, Тайпей, Тайланд, Тәжікстан, Түрікменстан, Үндістан елдерінен өзге елдер енді жекелеген спортшыларын әкелмек. Қазақстанның грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінен жастар құрамасының аға бапкерлері Нұрым Дүйсенов, Манарбек Қыстаубаев пен Болат Нұрмұхамбетовтің сөздеріне қарағанда соңғы 5 жылда Азия чемпионаттарында балуандармыз командалық есепте үздік үштіктің қатарынан көрініп жүр. Биыл олар енді өз алаңында жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлап, топ жаруды алдына мақсат етіп қойып отыр.
Ж.Қармандаевтың сөзіне қарағанда: «Бұл жарыста балуандар Азия чемпионатының жеңімпазы және күміс, қола жүлдегері атағын сарапқа салады. Онда олар көрсеткен нәитижесіне қарай алтын, күміс, қола медальдармен ғана марапатталады. Қазақстан FILA сараптамасы бойынша 2011 жылы әлемде Ресейден кейін 2-орын алды. Былтыр біздің балуандар түрлі халықаралық додаларда 67 медаль иеленген болатын».