Онда Азамат Құстыбаев (74 кг) Азия чемпионы, Михаил Изотов (96 кг) пен Жәнібек Қандыбаев (66 кг) күміс, Тимур Ташмағамбетов (84 кг), Дастан Өскенбеков (55 кг), Данияр Кәленов (60 кг) қола жүлдегер атанды. Бүгін енді 50 және 120 келідегі балуандар өз күшін сынауда. Аға бапкер Нұрым Дүйсенов онда ел намысын .Асқар Салтебаев пен Еркін Шәйкеновке сеніп тапсырып отыр. Онда сондай-ақ, әйелдер күресінен аға бапкер Болат Нұрмағамбетовтің шәкірттерінен Айдана Өтеғұлова (44 кг), Аймангүл Төлеухан (51 кг), Аяулым Қасымова (59 кг) мен Гүлмарал Еркебаева (67 кг) өз белдесулерін өткізуде.