Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Беларусь құрамасына қола медаль алып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Беларусь құрамасына қола медаль алып берді

Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Беларусь құрамасына қола медаль алып берді

19-20 қаңтар күндері Ресейдің Түмен қаласында Иван Поддубныйді еске алуға арналған грек-рим күресінен 52-ші Гран-при жарыстары өтті.

  • 21 Қаңтар 2013
  • 379
Фото - Caravan.kz

Онда жарыстың алғашқы күні 55, 66, 84 және 120 келідегі балуандардың белдесуі өтті. Ал кеше 60, 74 және 96 келі санатындағы жеңімпаздар анықталды. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар бұл жарыста жүлде алмады. Ел намысын қорғағандар: Алмат Әуешов (55 кг), Нұрлан Әлжанов, Данияр Қаленов (60 кг), Абзал Нұрахов, Ибрагим Магомадов, Шыңғыс Қайырмағамбетов (66 кг), Хизар Джабраилов, Николай Никитюк (74 кг), Андрей Самохин, Тимур Ташмағамбетов, Мақсат Байарыстанов (84 кг), Виталий Васенев, Ника Твалабешвили (96 кг) мен

Геннадий Лященко (120 кг).

ҚР Грек-рим, еркін жән әйелдер күресі федерациясының хабарлауынша, оның есесіне бүгінде Беларусь туының астында өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз Ербол Қалабаев (60 келі салмақта) аталмыш елдің қоржынына түскен жалғыз қола медальдің иегері атанды. Бұл жарыста жалпы ресейлік балуандар 6 салмақта топ жарып, тек қытайлық Ни Сяоминге ең ауыр салмақта ғана есе жіберді. Өзге елдерден — беларусьтарға Ербол Қалабаев, өзбектерге — Рүстем Ассақалов (84 кг) бір-бір қола жүлде сыйлады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера