Грек-рим күресінің қазақстандық шеберлері «Вэхби Эмре» Голден Гран-при жарысында әрбір құндылықтағы медальдардың үшеуін де қоржынға салды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грек-рим күресінің қазақстандық шеберлері «Вэхби Эмре» Голден Гран-при жарысында әрбір құндылықтағы медальдардың үшеуін де қоржынға салды

Грек-рим күресінің қазақстандық шеберлері «Вэхби Эмре» Голден Гран-при жарысында әрбір құндылықтағы медальдардың үшеуін де қоржынға салды

Грек-рим күресінен Түркияның Стамбул қаласында өткен «Вэхби Эмре» Голден Гран-при бірінші жарсында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік бестіктің қатарынан көрінді.

  • 30 Қаңтар 2012
  • 428
Фото - Caravan.kz


ҚР Күрес федерациясының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, онда Нұрмахан Тінәлиев 120 келі салмақта чемпион атанды. Ал 84 келіде Даниял Гаджиев күміс және 74 келіде Әсет Әділов қола жүлденің иесі атанды. Өзге салмақ дәрежелері бойынша ел намысын қорғаған Асхат Құдайбергенов (55 кг), Алмат Кебіспаев (60 кг), Бейбіт Нұғыманов, Эльдар Кайратов, Дархан Баяхметов (66 кг), Досжан Картиков (74 кг), Алхазур Оздиев (84 кг) пен Марғұлан Әсембеков (96 кг) жүлдегерлер қатарына ілінбеді. Онда жалпы командалық есепте 1, 2 және 3-інші орындарды Ресей, Түркия және Әзірбайжан құрамалары сәйкесінше иеленді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера