Онда Мұратбек Қасымханов жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы А тобында сынға түскен болатын. жерлестеріміз болгарларды 7:0, армяндарды 5:2 есебімен ұтқанымен, Ресей, Әзірбайжан және Түркия балуандарына 3:4 есебімен есе жіберіп алды. Соның нәтижесінде үздік бестікке Иран, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Түркия командалары енді. Ал одан кейінгі орындарды Қазақстан, Армения, Куба, Оңтүстік Корея, Болгария құрамалары өзара бөлісті. Жалпы бұл дүбірлі додада ел намысын — Асхат Құдайбергенов, Алмат Кебісбаев, Дархан Баяхметов, Айбек Еңсеханов, Мақсат Ережепов, Досжан Қартықов, Алхазур Оздиев, Марғұлан Әсембеков пен Нұрмахан Тінәлиев қорғаған болатын.