Грек-рим тәсілі бойынша күресетін қазақстандық балуандар Афины Олимпиадасында екі медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грек-рим тәсілі бойынша күресетін қазақстандық балуандар Афины Олимпиадасында екі медаль жеңіп алды

Грек-рим тәсілі бойынша күресетін қазақстандық балуандар Афины Олимпиадасында екі медаль жеңіп алды

Афины Олимпиадасында грек-рим тәсілі бойынша күрескен қазақстандық балуандар Георгий Цурцумия күміс, ал Мкхитар Манукян қола медаль жеңіп алды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Тамыз 2004
  • 569
Фото - Caravan.kz

23 жастағы Г.Цурцумия финалда 2003-жылғы әлем чемпионы Хасан Бароевтан 2:4 есебімен ұтылып қалды. 1998 және 1999-жылғы екі мәрте әлем чемпионы, грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасының капитаны 30 жастағы Мкхитар Манукян қола медаль үшін сайыста Швециялық Джимми Самюэльссонды 8:1 есебімен тізе бүктірді.

«М.Манукян осыдан төрт жыл бұрын ауыр операция жасатқан. Бұдан кейін бір жарым жыл емделген ол талай жарақаттанды. Дегенмен, балуанымыз Олимпиадаға жақсы дайындықпен шықты. Ал Г.Цурцумияға келсек, ол аса қызу күресте қарсыласына түсіп берді. Жерлесіміз бастапқыда 2:0 есебімен алда келе жатқан болатын. Алайда, жекпе-жектің ауанын шұғыл өзгертіп жіберген қарсыласы жеңіп кетті»,- деді грек-рим күресі бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Жаңабай Оспанов.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, Афины Олимпиадасына елімізден 6 балуан қатысқан. Олардың екеуі дүлдүлдер қатарына қосыла алмады. Тағы екі балуан 60 және 74 кило салмақ дәрежесінде жарысты одан әрі жалғастыруда.