Гренадада Астананың ЭКСПО-2017 өткізу өтінімі таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гренадада Астананың ЭКСПО-2017 өткізу өтінімі таныстырылды

Гренадада Астананың ЭКСПО-2017 өткізу өтінімі таныстырылды

Гренада қазақстандық делегация сапарының аяқталуы кезеңінде Астананың ЭКСПО-2017 өткізу өтінімі таныстырылды, деп хабарлады ҚР СІМ аспасөз қызметі.

  • 27 Қазан 2012
  • 348
Фото - Caravan.kz

Гренада сыртқы істер министрлігінің тұрақты хатшысы Элизабет Гриниджбен кездесуде екі ел арасында дипломатиялық қатынастарды орнату мәселелері талқыланды, оның барысында туризм саласындағы ынтымақтастықты жолға қоюға өзара мүдделілік білдірілді.

Келіссөздердің бөлек әрі маңызды тақырыбы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу өтінімі болды. Отандық дипломаттар ЭКСПО көрмесін алғаш рет Орталық Азия аумағында өткізудің маңызын атап өтті.

Гренада өкілдері Қазақстан ұсынған «Болашақтың энергиясы» тақырыбына үлкен ықылас білдірді. Олардың пікірінше, Астана энергия жеткіліксіздігімен байланысты жаһанды қауіптер мен қатерлерді және қоршаған орта проблемаларын шешуде диалог алаңы бола алады.