Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, соңғы кездері Г.Марченко Елбаының көмкшісі болған. 12-қазанда Г.Марченко Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев оның «жеке өтінішін қабыл алып, бұған дейін келісілгендей, өз көмекшісін қызметтен босатты». Сол кезде Г.Марченко мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлаған.
Г.Марченко 1959-жылдың желтоқсан айында Алматыда туды. Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Қазақ ССР-і түсті металлургия министрлігінде жұмыс істеді. 1992-жылдың наурыз айынан ҚР вице-президентінің көмекшісі болды. 1994-жылы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. 1996-жылдың қараша айынан бері ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы. 1998-жылдың мамыр айынан бастап «Дойче Банк Секьюритиз» компаниясының президенті болды. Сонымен біруақытта ҚР президентінің штаттан тыс кеңесшісіне тағайындалды. 1999-жылдың қазан айында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып бекітілді.