Григорий Марченко ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды- Елбасының жарлығы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Григорий Марченко ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды- Елбасының жарлығы

Григорий Марченко ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды- Елбасының жарлығы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Григорий Марченко ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қаңтар 2004
  • 515
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Александр Павлов басқа жұмысқа ауыстырылды. Ал ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әнуар Сәйденов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Г.Марченко 1959-жылдың желтоқсан айында Алматыда туды. Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Қазақ ССР-і түсті металлургия министрлігінде жұмыс істеді. 1992-жылдың наурыз айынан ҚР вице-президентінің көмекшісі болды. 1994-жылы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. 1996-жылдың қараша айынан бері ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы. 1998-жылдың мамыр айынан бастап «Дойче Банк Секьюритиз» компаниясының президенті болды. Сонымен біруақытта ҚР президентінің штаттан тыс кеңесшісіне тағайындалды. 1999-жылдың қазан айында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып бекітілді.
Ә.Сәйденов 1960-жылы туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті мен Лондон университетін бітірді, мамандығы- экономист.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің кеңесшісі және банкирі болып істеді. ҚР инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Агенттігін басқарды. 1999-2000-жылдарда ҚР қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2000-2002-жылдарда Қазақстан Халық банкінің басқармалары төрағасы және «Эксимбанк Қазақстан» банкінің директорлары кеңесінің төрағасы болды. Ә.Сәйденов ҚР Ұлтық банкі төрағасының орынбасары лауазымына екі мәрте иемденді. Алғаш рет бұл қызметке 1996-жылы тағайындалып оны 1998-жылға дейін атқарды. Ә.Сәйденов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасарлығына 2002-жылы қайтадан тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар