Грузин-абхаз шиеленісі аймағында бейбітшілік сақтаушы ұжымдық күштердің қызметін тоқтату мәселесі ТМД мемлекет басшыларының отырысында талқыланатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузин-абхаз шиеленісі аймағында бейбітшілік сақтаушы ұжымдық күштердің қызметін тоқтату мәселесі ТМД мемлекет басшыларының отырысында талқыланатын болады

Грузин-абхаз шиеленісі аймағында бейбітшілік сақтаушы ұжымдық күштердің қызметін тоқтату мәселесі ТМД мемлекет басшыларының отырысында талқыланатын болады

Бішкек. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ТМД мемлекет басшыларының отырысында бүгін Грузин-абхаз шиеленісі аймағында бейбітшілік сақтаушы ұжымдық күштердің қызметін тоқтату мәселесі талқыланатын болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Қазан 2008
  • 683
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл мәселені мемлекет басшыларының қарауына Ресей жағы шығарып отыр. Күн тәртібіндегі шешуші мәселе — ТМД елдерінің экономикалық даму стратегиясы болмақ.

Сондай-ақ, мемлекет басшылары Достастық елдерінің транспорт саласындағы 2020 жылға дейінгі басымдық берілген ынтымақтастық бағыттарының жобасын, ТМД елдерінің шекаралық ынтымақтастық конвенциясын, мемлекеттердің 2009-2011 жылдарға арналған заңсыз көші-қонға қарсы күрес бағдарламасын, лаңкестікке, заңсыз есірткі айналымына және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы құжат пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы 2008-2010 жылдарға арналған құжаттарды қарайды. Президенттер жалпы алғанда 21 мәселені талқылайды.

Мемлекет басшылары 2009 жылы энергетиканы ынтымақтастықтың шешуші саласы ретінде айқындау мәселесі қаралады. Бұл мәселе жайлы Қазақстан мен Қырғызстан бастама көтерген болатын.

Мемлекет басшылары сонымен бірге ТМД мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысын өткізетін күн мен орны, сондай-ақ, келесі жылы Достастықққа төрағалық жасау мәселесі бойынша шешім қабылдайды.

Түстен кейін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон төрағалық жасайды. ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан мүше.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар