Грузия мен Қазақстан арасында медицина мамандарын алмасу саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия мен Қазақстан арасында медицина мамандарын алмасу саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды

Грузия мен Қазақстан арасында медицина мамандарын алмасу саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды

Алматы. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Грузия мен Қазақстан арасында медицина мамандарын алмасу саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Бұл туралы Грузияның бірінші ханшайымы Сандра Элисабет Рулофс Әзербайжан және Қазақстан Республикаларына жасаған бес күндік сапарының қорытындысы бойынша бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Қазан 2008
  • 501
Фото - Caravan.kz

«Біз мұнда, әсіресе, Астанада мамандар тапшы деп естідік. Грузияда тәжірибе де, артық мамандар да бар. Сол себепті өзара мамандар алмасу жайын ойластыруға болады», — деді С. Рулофс.

Сондай-ақ, мәлім болғанындай, Астанада ҚР денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновоймен кездесуде денсаулық сақтау жүйесі, жұқпалы аурулармен күрес, соның ішінде құрт ауруының түрлерімен күрес, бала мен ананың өлімі, онкологиялық ауруларға ерте диагноз қою мәселелері талқыланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар