Грузия президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.9
  • 555.3
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді

Грузия президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді

30-наурызда Грузия президенті Михаил Саакашвилидің елімізге ресми сапары басталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Грузия президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Наурыз 2005
  • 431
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында М.Саакашвили Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және басқа да ресми өкілдермен кездеседі. Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынастарды дамыту мен аймақтық ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен Қазақстаннан қуат көздерін тасымалдау және Қазақстанның ТРАСЕКА сынды ауқымды жобаларға атсалысуы мәселелерін талқылайды.

Баспасөз қызметінен хабарлауынша, Грузия президенті Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты дамытуға айрықша маңыз береді.