Грузия президентінің Қазақстанға сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия президентінің Қазақстанға сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою  көзделіп отыр

Грузия президентінің Қазақстанға сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою көзделіп отыр

Грузия президенті Михаил Саакашвилидің 30-наурыз бен 1-сәуір аралығында елімізге жасайтын мемлекеттік сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою көзделіп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Наурыз 2005
  • 481
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, «Лаңкестік, есірткі және психотроптық заттар, олардың баламалары мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен, сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыс түрлерімен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы» үкіметаралық келісімге, сондай-ақ, Ақтау және Поти айлақтары мен Астана және Тбилиси қалалары арасында бауырлстық байланыстар орнату туралы меморандумдарға қол қойылады деп межеленген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар барысында Грузия президенті Михаил Саакашвили Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен және басқа да ресми өкілдермен, екі елдің іскертоп өкілдерімен кездеседі.
Тараптар парламентаралық, мекемеаралық және аймақаралық байланыстар аясын кеңейту, лаңкестікпен күрес, транзиттік-транспорттық әлеуетті арттыру, көмірсутегі шикізатын тасымалдау, өнеркәсіп саласын дамыту және жаңалау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық орнатудың келешегі туралы талқылайды.
Сапар барысында Грузия мен Қазақстанның іскертоп өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі. Оған қатысушыларға еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы, инвестициялық ынтымақтастық перспективалары туралы кең көлемді ақпарат беріледі. ҚР СІМ-нің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, Грузия жағы металлургия, жеңіл өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және еліміздің банк мекемелері саласындағы кәсіпкерлермен іскерлік байланыстар орнатуға қызығушылық танытуда.
Бизнес-форумға қатысушылар алдында Грузия президенті Михаил Саакашвили, Грузияның экономикалық даму министрі Ковзиридзе, Аджария Автономиялық Республикасының министрлері кеңесінің төрағасы Л.Варшаломидзе, Грузия сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Д.Инаишвили мырзалар сөз сөйлейді.

Перейти к новостям спорта