Грузия Қазақстандағы Елшісін қайтарып алды
Грузия Президенті Михаил Саакашвили СІМ-нің басшысы Майя Панджикидзенің 15 елдің және екі халықаралық ұйымның Елшілерін қайтарып алу туралы сұрауын қанағаттандырды. |
Әңгіме Сыртқы істер минстрінің бұған дейін мемлекет басшысына жолдаған хатында есімдері аталған дипломаттар жайында.
Бұл туралы журналистерге Грузия президенті әкімшілігінің өкілдері хабарлады.
«Президент Сыртқы істер министрінің хатына қол қойды», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Қазақстандағы Елші - Давид Мумладзе, АҚШ-ғы елшісі - Темури Якобашвили, БҰҰ-ғы тұрақты өкіл - Каха Ломая, Бельгиядағы Елші және Грузияның ЕС-ғы Елшісі - Саломе Самадашвили, Еуропа Кеңесіндегі тұрақты өкілі - Мамука Жгенти, Ұлыбритания, Германия, Болгария, Литва, Әзірбайжан, Түркия және Қытайдағы Елшілер қайтарылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін