Әңгіме Сыртқы істер минстрінің бұған дейін мемлекет басшысына жолдаған хатында есімдері аталған дипломаттар жайында.
Бұл туралы журналистерге Грузия президенті әкімшілігінің өкілдері хабарлады.
«Президент Сыртқы істер министрінің хатына қол қойды», — деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Қазақстандағы Елші — Давид Мумладзе, АҚШ-ғы елшісі — Темури Якобашвили, БҰҰ-ғы тұрақты өкіл — Каха Ломая, Бельгиядағы Елші және Грузияның ЕС-ғы Елшісі — Саломе Самадашвили, Еуропа Кеңесіндегі тұрақты өкілі — Мамука Жгенти, Ұлыбритания, Германия, Болгария, Литва, Әзірбайжан, Түркия және Қытайдағы Елшілер қайтарылды.