«Халықаралық түйткілдерді шешуге Қазақстанның қатысуы шешуші рөл атқара алады»,- деді М.Саакашвили.
Қазақстан мемлекет басшысымен кездесуде Грузия парламентінің төрайымы Нино Бурджанадзе Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауы аймақ үшін де, ұйым үшін де пайдалы екенін атап өтті. «Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауы біз үшін де, аймақ үшін де аса маңызды мәселе дегенге сенімім мол. Сонымен бірге бұл — ұйымның да тынысын кеңейте түседі»,- деді Н.Бурджанадзе.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті