Грузия рыногынан Қазақстан да өзіне тиесілі орын иемдене алады - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия рыногынан Қазақстан да өзіне тиесілі орын иемдене алады - ҚР президенті

Грузия рыногынан Қазақстан да өзіне тиесілі орын иемдене алады - ҚР президенті

Грузияда кең көлемді жекешелендіру науқаны жарияланған жағдайда Қазақстандық кәсіпкерлер әлеуеті зор экономика салаларына үлес қоса алады. Бүгін, 31-наурызда Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездесу қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Наурыз 2005
  • 338
Фото - Caravan.kz

«Менің пайымдауымша, қазақстандық бизнес хром өндіруге атсалыса алады. Өйткені, Қазақстанда бүкіләлемдік хром қорының үштен бір бөлігі шоғырланған»,- деді Елбасы. Оның пікірінше, Қазақстан мен Грузия ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін де қарастыра алады. Еліміздің кәсіпкерлері Қара теңіздегі астық терминалдарын пайдалану және жаңа терминалдар салу мүмкіндіктерін де естен шығармауға тиіс, деді президент.

Н.Назарбаев сонымен бірге Қазақстанның Тбилиси-Супса мұнай құбырына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбыры пайдалануға берілген жағдайда Әзербайжанның бүкіл мұнайы осы құбырға құйылады. Нәтижесінде босап қалатын Тбилиси-Супса мұнай тасымалы құбырын пайдаланудан біз мүдделіміз»,- деді президент.

Перейти к новостям спорта