Жарияланды: 390

Грузия ТМД-ға қайта кіруді жоспарламайды

Грузия ТМД-ға еш уақытта қайта кірмейді және осындай ұсыныстардың еш негізі жоқ.

Бұл туралы сенбі күні Грузияның сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе «Рустави-2» телеарнасының тікелей эфирінде мәлім етті. «Біз ТМД-ға ену туралы ешбір ресми ұсыныс алғанымыз жоқ және ондағылар мұндай шешімнің мүмкін еместігін жақсы түсінеді деп ойлаймын», - деп атап өтті М.Панджикидзе. «Грузия тек екі ұйымға ғана кіруге ниетті - Еуропалық одаққа және НАТО-ға», - деп қосты грузиялық министр. «Біздің барлық стратегиямыз осыған бағытталған және ТМД-ға қосылу туралы әңгіме мүлдем болып жатқан жоқ», - деп түйді ол. Еске салайық, осы аптаның басында ТМД атқарушы комитетінің өкілдері Тбилиси тарапынан бастама түскен жағдайда, Грузияны ТМД-ға қайтару мәселесін қарастыруға дайын екендіктерін мәлім етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін