Жарияланды: 380

Грузия ТМД-ға қайта оралуды көздеп отырған жоқ, деп мәлімдеуде премьер Иванишвили

Грузияның премьер-министрі Бидзина Иванишвили мәлімдеп өткендей, Тбилиси Еуропамен және еуроатлантикалық кеңістікпен жақындасу райынан қайтпайды және ТМД-ға оралуды көздеп отырған жоқ.

"Біз стратегиялық бағытымызды өзгертпейміз, егер ол бағытымызға қарсы болмаса, біз ТМД-ға енетін елдермен жақындасудан қашпаймыз", деді Б.Иванишвили дүйсенбіде баспасөз мәслихатында. "Бірақ қарсыластарымыз сөзімді әркелкі түсінбесін деп атап өтемін, ТМД-мен жақындасуды көздеп отырған жоқпыз. Біз ТМД-ға енетін бүкіл көрші елдермен қарым-қатынасты жақсартпақпыз", деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін