Грузияның полиция істері және қоғамдық қауіпсіздік министрі Вано Мерабишвилидің журналистрге хабарлауынша, 2-ақпан күні кешкісін З.Жвания «өзінің бір досының үйіне барған». Кейінірек үкімет басшысымен телефон арқылы байланысқа шықпақ болған оның қорғаушыларының ойы жүзеге аспайды. Таңертеңгі сағат 4 шамасында қорғаушылар пәтерден З.Жвания мен оның досының өлі денелерін тауып алады.
В.Мерабишвилидің айтуына қарағанда, үкімет басшысы көмірқышқыл газынан уланған. Мәйіттер табылған бөлмеде Иранда өндірілген газбен жұмыс істейтін жылытқыш орнатылған екен, дейді министр.
Оның айтуынша, «бұл — қайғылы оқиға болып табылады».