Грузия үшін Қазақстаннан үйренетін нәрсе көп - Грузия президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия үшін Қазақстаннан үйренетін нәрсе көп - Грузия президенті

Грузия үшін Қазақстаннан үйренетін нәрсе көп - Грузия президенті

"Біз Қазақстанға бұрынғы Кеңестік кеңістік аясындағы ең қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде келдік. Грузия үшін Қазақстаннан үйренетін нәрсе көп". Бүгін, 31-наурызда Астанада Қазақстан президентімен келіссөздерден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында Грузия президенті Михаил Саакашвили осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Наурыз 2005
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Бұрынғы Кеңестік республикалардың арасында тұрғындардың тұрмыстық деңгейіне қарай 13-14 орында болған ел қазір даму қарқынымен суырылып алға шықты»,- деді ол.

Грузия президенті Қазақстан президентінің халыққа арнаған жолдауының мәтінімен танысқанын жеткізді. «Біз үшін саясат, экономика, банк және қаржы секторы, білім беру, әлеуметтік қамтамасыздық және денсаулық сақтау салаларын дамытуға қатысты жоспарлар қызғылықты»,- деді президент.
М.Саакашвилидің айтуынша, «Грузиядағы проблемалар негізінен өткен билік тұсындағы бейберекетсіздіктерге, ешбір логикасыз дамуға және сыбайлас жемқорлық деңгейінің жоғарылығына байланысты болмақ». «Қазір Грузияда сыбайлас жемқорлық деңгейі әжептәуір төмендеді, темірдей тәртіп орнаттық»,- деп сендірді ол.

Перейти к новостям спорта