Грузияда шекаралар ашылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузияда шекаралар ашылатын болды

Грузияда шекаралар ашылатын болды

Грузия 18 наурызда жабылған шекараларын қайта ашуға дайын.

  • 10 Мамыр 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Хабар 24-ке» сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет коронавирус індетіне байланысты қабылданған шектеулерді біртіндеп жеңілдетіп жатыр.

Елдегі төтенше жағдай 22 мамырға дейін күшінде болғанымен, 11 мамырда Тбилиси қаласы ашылып, кәсіпорындар жұмыс істей бастайды. Ал маусым айының ортасынан туризмді қайта жандандыру көзделіп отыр.

15 маусымнан бастап ішкі туризм саласы жұмысын қайта бастайды. Ал 1шілдеде Грузия шетел қонақтарын қабылдауға, яғни шекараларын ашуға дайын. Бұл мақсатта Грузия көрші елдермен және туризмді дамытуға ниетті мемлекеттермен қаупсіз дәліздер құрады. 

Георгий Гахария, Грузия премьер-министрі:

– Денсаулық сақтау министрлігіне шекарадағы әр келушінің бақылауын күшейту тапсырылды. Егер осыған дейін елге келгендердің барлығын 14 күндік немесе 24 сағаттық карантинге алсақ, енді бұл шара бір сағатта өтетін болды. Бұл үшін қажетті техника мен мүмкіндіктеріміз бар.

Биылғы туристтік маусым көп пайда әкелмейтіні анық. Сол себептен, Үкімет дағдарысқа қарсы жоспарында бұл саланың қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсетуді қарастырған.


Шалва Алавердашвили,  Грузия қонақ үйлер федерациясының құрылтайшысы:

– Серіктестерімізбен тығыз байланыс орнататынымзға үміттімміз. Қазақстан секілді дәстүрлі әріптестерімізбен. Олар біздің достарымыз, Грузияны жақсы көреді және бізге қуана-қуана келеді. Мәселен, қазір ем алу бағыты өзекті, қазақстандықтар осындай сапарларды ұнатады. 

Туризм бағытын жүйелемек. Мәселен, ел тұрғындары Грузияның барлық аумағында демала береді. Ал шетелдік туристер үшін коронавирустан таза жасыл аймақтар жұмыс істейді. Бұл саяхатшылардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің амалы.

 

Соңғы жаңалықтар