Грузияда жаппай наразылық білдіргендер парламент ғимаратына шабуыл жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузияда жаппай наразылық білдіргендер парламент ғимаратына шабуыл жасады

Грузияда жаппай наразылық білдіргендер парламент ғимаратына шабуыл жасады

 

  • 21 Маусым 2019
  • 50
Фото - Caravan.kz

Тбилиси полициясы Грузия парламентінің алдына жиналған көтерілісшілерді тарату үшін резеңке оқ пен көзді жасаурататын газ қолданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА әлемдік ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

 Жаппай наразылық бейсенбі күні, 20 маусымда Ресей делегациясының Православие парламентаралық Бас ассамблеясына қатысуына байланысты басталды. Делегацияны басқарушы және АСМ басшысы РФ мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың сессия кезінде Грузия парламенті спикерінің креслосына отырып, жиналғандарға орыс тілінде сөйлегені оппозицияның наразылығын тудырған. Грузияның оппозициялық депутаттары мұны қорлау деп бағалап наразылықтарын білдіріп, Бас ассамблеяның жұмысын тоқтатты. Еuronews мәліметінше, шерушілер Грузия ІІМ басшысы Георгий Гахария мен спикер Ираклий Кобахидзенің отставкаға кетуін, сондай-ақ кезектен тыс парламент сайлауы өткізілуін талап етіп, парламент ғимаратына бірнеше рет шабуыл жасаған. Грузия Ішкі істер министрі Георгий Гахария шерушілерді полицияға бағынуға шақырды, деп хабарлайды ТАСС. «Мен ең алдымен алаңда тұрған әр азаматты, мүмкін олар әділетті наразылық білдіріп тұрған болар, полиция талаптарына бағынуға шақырамын. Мұнда болып жатқанның барлығы мемлекеттік институттарға шабуыл саналады», — деді ол бейсенбі күні журналистерге берген сұхбатында. Наразылыққа шыққандарға қарсы көзді жасаурататын газ бен резеңке оқтар қолданылды. Грузия баспасөзі бірнеше адамның ауыр жарақат алғанын хабарлады. Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлығы 52 адам зардап шеккен, олардың 38-і — полиция қызметкерлері. Кешкісін С.Гаврилов және басқа да Мемлекеттік думаның депутаттары Тбилисиден ұшып кетті.