Грузиядағы саяси ахуалдың шиеленісуі Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға әсер етпейді - АҚШ Мемлекеттік департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузиядағы саяси ахуалдың шиеленісуі Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға әсер етпейді - АҚШ Мемлекеттік департаменті

Грузиядағы саяси ахуалдың шиеленісуі Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға әсер етпейді - АҚШ Мемлекеттік департаменті

Грузиядағы саяси ахуалдың шиеленісуі Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға әсер етпейді. Бұл туралы бүгін, 16-шілдеде АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мемлекеттерімен қарым-қатынас мәселелері жөніндегі көмекшісі Элизабет Джонс Орталық Азия елдеріне сапары аясында Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Шiлде 2004
  • 411
Фото - Caravan.kz

Э.Джонстың айтуынша, аталмыш мұнай құбырын салу жөніндегі жобаны әзірлеу және халықаралық келісімдерге қол қою барысында Кавказ аймағындағы саяси ахуалдың шиеленісу мүмкіндігі ескерілген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталып, 2004-жылдың 4-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Мұнай құбырының Әзербайжандық бөлігі 2004-жылдың қыркүйек айына дейін, Грузиялық бөлігі 2004-жылдың қазан айына дейін, Түркиялық бөлігі 2004-жылдың соңына дейін салынып бітуі тиіс. Түркиядағы Жейхан айлағынан Әзербайжан мұнайы 2005-жылдың екінші тоқсанынан бастап экспорттала бастайды.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырын салу жұмыстарының мердігері Грецияның Consolidated Contractors International компаниясы, ал Грузиялық учаскесін салушы Spie Capag/Petrofag компаниясы болып табылады. Соңғысы екі ел аумағында да насос станцияларын салушы мердігерге саналады. Ал мұнай құбырының Түркиялық бөлігін осы елдің BOTAS компаниясы салады.

Перейти к новостям спорта