Грузияның экономикалық даму министрі қазақстандық инвесторлар Боржоми шипажай саласы нысандарын жекешелендіруге атсалысады деп сенеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузияның экономикалық даму министрі қазақстандық инвесторлар Боржоми шипажай  саласы нысандарын жекешелендіруге атсалысады деп сенеді

Грузияның экономикалық даму министрі қазақстандық инвесторлар Боржоми шипажай саласы нысандарын жекешелендіруге атсалысады деп сенеді

АСТАНА. 2-маусым. Kazakhstan Today. Грузия қазақстандық инвесторлар Боржоми дауажай саласы нысандарын жекешелендіруге атсалысады деп сенеді. Бұл туралы бүгін Астанада “Кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер” атты Қазақстан-Грузия бизнес-форумы барысында Грузияның экономикалық даму министрі Иракли Чоговадзе мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 2 Маусым 2006
  • 471
Фото - Caravan.kz

“Туризм саласында біз шипажай саласының көптеген нысандарын жекешелендірмекпіз”,- деді И.Чоговадзе. Оның айтуынша, қазір Грузия үкіметі қазақстандық инвесторларға Боржомидегі шипажайларды таныстыруда.

“Туризм саласында Қазақстан қазірдің өзінде Грузия нарығындағы №1 инвесторға айналды”,- деп атап өткен ол Грузиядағы туризм саласы — “аса қызғылықты әрі әлі бағалана қоймаған сала”, деді.

Перейти к новостям спорта