Жарияланды: 330

Грузияның СІМ Қазақстандағы өз елшісін ауыстыруды сұрайды

Грузияның сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе президентке ұсынылған тізімге сәйкес бірқатар дипломатиялық елшіліктердің басшыларын қызметтерінен босату туралы өтініш білдіріп, хат жолдады.

Сыртқы саяси ведомство басшысы келесі елшілерді қызметтерінен босатуды сұрайды: Давид Мумладзе - Қазақстандағы Грузия елшісі, Темур Якобашвили - АҚШ-ғы Грузия елшісі, Александра Ломая - БҰҰ-ғы Грузиядағы тұрақты өкілі, Саломе Самадашвили - Еуроодақтағы Грузияның тұрақты өкілі және Бельгиядағы елші, Мамука Жгенти - Еуропа Кеңесіндегі Грузияның тұрақты өкілі, Георгий Бадридзе - Ұлыбританиядағы Грузия елшісі және Халықаралық теңіз ұйымындағы тұрақты өкіл, Габриель Габсбург-Лотаринген - Германиядағы Грузия елшісі, Леван Метревели - Болгариядағы Грузия елшісі, Георгий Кердикошвили - Литвадағы Грузия елшісі, Теймураз Шарашенидзе - Әзірбайжандағы Грузия елшісі, Зураб Патарадзе - Түркиядағы Грузия елшісі, Мамука Гамкрелидзе - Қытайдағы Грузия елшісі. «Бұл өтініш қанағаттандырылған соң тез арада аталмыш дипломатиялық өкілдіктердің басшысы қызметіне жаңа кандидаттар сайланатын болады», - делінген Майа Панджикидзенің хатында. Грузияның СІМ ротация мерзімі аяқталған елшілерді шақырып алуды талап етуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін