Сыртқы саяси ведомство басшысы келесі елшілерді қызметтерінен босатуды сұрайды: Давид Мумладзе — Қазақстандағы Грузия елшісі, Темур Якобашвили — АҚШ-ғы Грузия елшісі, Александра Ломая — БҰҰ-ғы Грузиядағы тұрақты өкілі, Саломе Самадашвили — Еуроодақтағы Грузияның тұрақты өкілі және Бельгиядағы елші, Мамука Жгенти — Еуропа Кеңесіндегі Грузияның тұрақты өкілі, Георгий Бадридзе — Ұлыбританиядағы Грузия елшісі және Халықаралық теңіз ұйымындағы тұрақты өкіл, Габриель Габсбург-Лотаринген — Германиядағы Грузия елшісі, Леван Метревели — Болгариядағы Грузия елшісі, Георгий Кердикошвили — Литвадағы Грузия елшісі, Теймураз Шарашенидзе — Әзірбайжандағы Грузия елшісі, Зураб Патарадзе — Түркиядағы Грузия елшісі, Мамука Гамкрелидзе — Қытайдағы Грузия елшісі.
«Бұл өтініш қанағаттандырылған соң тез арада аталмыш дипломатиялық өкілдіктердің басшысы қызметіне жаңа кандидаттар сайланатын болады», — делінген Майа Панджикидзенің хатында.
Грузияның СІМ ротация мерзімі аяқталған елшілерді шақырып алуды талап етуде.