Грузияның ТМД мүшелігінен шығатыны жөніндегі ресми ескерту әзірге келіп түскен жоқ - ТМД Атқару комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузияның ТМД мүшелігінен шығатыны жөніндегі ресми ескерту әзірге келіп түскен жоқ - ТМД Атқару комитеті

Грузияның ТМД мүшелігінен шығатыны жөніндегі ресми ескерту әзірге келіп түскен жоқ - ТМД Атқару комитеті

Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Грузияның ТМД мүшелігінен шығатыны жөніндегі ресми ескерту әзірге келіп түскен жоқ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі кеше Атқару комитетінің баспасөз қызметі таратқан ТМД Атқару комитетінің төрағасы - атқарушы хатшы Сергей Лебедевтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Тамыз 2008
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Қантөгісті, бейбіт тұрғындар мен бітімгерлердің қырылуын алып келген Оңтүстік Осетияда соңғы күндері болған оқиғалар ТМД Атқару комитетінде үлкен алаңдаушылықпен және абыржушылықпен қабылданды. Бұл жағдайда ең маңыздысы атысты тоқтатып, қақтығысты бейбіт жолмен шешу мақсатында келіссөздерге жүгіну болып табылады. Сондықтан, 12 тамызда қол жеткізілген әскери іс-әрекеттерді тоқтатып, гуманитарлық көмекті қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі уағдаластықтар, сондай-ақ, күш қолдануға жүгінбеу туралы міндеттемелер ТМД Атқару комитетінің ризашылығын туғызды», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Грузия басшылығының Достастық құрамынан шығатыны туралы Тбилисиде айтылған әңгімелерге келер болсақ, олар өкініш тудырмай қоймайды. Бүгінгі таңда біз мәлімдемелер жайында ғана айтып отырмыз. Өйткені, өзінің ТМД мүшелігінен шығу туралы Грузия тарапынан ресми ескерту әлі келіп түскен жоқ», — деп атап көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар