Гуанчжоу қаласында Азиада ойындарын өткізуге құйылған инвестиция 18 млрд. АҚШ долларына жуық қаражатты құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гуанчжоу қаласында Азиада ойындарын өткізуге құйылған инвестиция 18 млрд. АҚШ долларына жуық қаражатты құрады

Гуанчжоу қаласында Азиада ойындарын өткізуге құйылған инвестиция 18 млрд. АҚШ долларына жуық қаражатты құрады

XVI Азиада ойындарына Гуанчжоу қаласының (Қытайдың оңтүстік провинциясы - Гуандун) мэриясы қалалық инфрақұрылымды қайта жаңарту үшін, спорт нысандарының құрылысы мен қайта құрастырылуы үшін ірі инвестиция құйды. Ойындардың өткізілуіне тартылған инвестицияның жалпы мөлшері 18 млрд. АҚШ долларына жуық қаражатты құрады.

  • 18 Қазан 2010
  • 588
Фото - Caravan.kz

Гуанчжоу қаласының мэрі Вань Циньлянның сөзіне қарағанда, инвестиция бюджет аясында тартылған. Алайда жоғары лауазымды шенеунік Гуанчжоу қаласындағы Азия ойындары тарихтағы ең ауқымды, сонымен қатар, экономикалық тұрғысынан да үлкен ойындарға айналады деп атап өтті.

Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Азия ойындарының барысында жарыстар өтетін 53 алаң мен 17 жаттығу алаңдарын қоса алғанда, 70 стадион мен мекеме жұмыс істейтін болады. Осы 70 спорт нысанының арасында 12 нысан қайта салынған және 58 нысан кеңейтілген. «Барлық стадиондардың құрылысы мен қайта құрастырылуы аяқталды, енді қарашаның 1-інен бастап спортшылар оларға келіп жаттыға алады», — деп атап өтті қала мэрі.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы қарашаның 12-27-сі аралығында Гуанчжоу қаласында 16-шы Азия ойындары өтеді. Бәйге барысында Азияның 45 аймағы мен елдерінен келген 12 мыңға тарта спортшы 42 спорт түрі бойынша бақ сынасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера