Өткен сенбі, 13 қараша күні ерлер арасындағы 100 келіге дейінгі ауыр атлетика сайысында Максим Раков, 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер сайысы арасында Ғалия Өлментаева және 78 келіден жоғары салмақта Гүлжан Иссанова қола медальдарды жеңіп алды.
Жексенбі, 14 қараша күні ауыр атлеттар арасында 53 келі салмаққа дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальға қазақстандық спортшы Зульфия Чиншанло ие болды. Дзюдо бойынша Ислам Бозбаев, триатлон сайысында Дмитрий Гааг және спорт билері бойынша Қазақстан командасы елімізге қола медальдармен оралатын болды.
Жалпы сайыстық қорытынды бойынша ҚХР спортшылары алда келеді. Қытай командасы 63 медальға, соның ішінде 24 алтын медальға ие болды. Екінші және үшінші орындарда Жапония және Оңтүстік Корея елдері тұр. Қазақстан бір күміс және алты қола медальға ие бола отырып, тізімде 10- орынға шықты.
XVI Азиада ойындары 27 қарашаға дейін жалғасады.