Гуанчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан 7-ші орынға көтерілді, төртінші алтын медальды ауыр атлет Светлана Подобедова жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гуанчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан 7-ші орынға көтерілді, төртінші алтын медальды ауыр атлет Светлана Подобедова жеңіп алды

Гуанчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан 7-ші орынға көтерілді, төртінші алтын медальды ауыр атлет Светлана Подобедова жеңіп алды

Кеше, бейсенбі, 18 қараша күні Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан XVI Азия ойындарында қазақстандық спортшы қыз Светлана Подобедова 75 келі салмаққа дейінгі ауыр атлетика сайысында ел қоржынына алтын медаль әкелді.

  • 19 Қараша 2010
  • 530
Фото - Caravan.kz

Қытайлық ауыр атлет Цао Лэйден 22 келі артық салмақ көтеріп, 287 келі салмақты бағындырған Светлана Подобедова бірінші орынға ие болды. Қазақстанның тағы бір спортшысы Татьяна Хромова 250 келі салмақты көтеріп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Сол күні суда жүзуші жерлестеріміз 4х100 метр эстафеталық жарыста командалық есеп бойынша Жапония және Оңтүстік Корея құрамаларына жол беріп, қола медальға ие болды.

Жүлделік есеп бойынша Қазақстан 7-ші орынға шықты. Ел құрамасының қоржынынада 26 медаль бар, оның төртеуі алтын, жетеуі күміс және 15-і қола жүлде. 203 медаль, соның ішінде 109 алтын медаль алған Қытай елі алда келеді. Оңтүстік Корея (109-37) екінші орында, Жапония (106-21) үшінші орында тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера