Сейсенбі, 16 қараша күні Зауреш Байбосынова, Галина Беляева мен Юлия Дришлюктен құралған оқ ату сайысы бойынша әйелдер құрамасы Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелді. Олар командалық есепте ең үздік болып шықты (25 м).
Сол күні Гуанчжоуда 63 келі салмаққа дейінгі ауыр атлетика бойынша әйелдер арасындағы жарыстар болды. Қазақстандық спортшы Майя Манеза басты қарсыласы қытайлық Чэнь Айчань есімді спортшыны артқа қалдырып, мойнына алтын медальды тағынды.
Қазақстандық ауыр атлеттер де ел үмітін ақтады, 77 келі салмаққа дейінгі ауыр атлетика бойынша ерлер арасындағы сайыста Кирилл Павлов күміс жүлдені, Дәурен Шайтеев қола жүлдені жеңіп алды.
Андрей Гуров, Рассим Молоғлы және Бақтияр Ыбыраевтан тұратын ерлер командасы оқ ату сайысы бойынша командалық есепте қола жүлдеге ие болды (10 м).
Сонымен Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 16 медаль бар, оның екеуі алтын, бесеуі күміс және тоғызы қола жүлде. Қытай командасы 133 жүлдеге, соның ішінде 77 алтын медальға ие бола отырып, үздік келеді. Екінші және үшінші орындарда Оңтүстік Корея (66-22) мен Жапония (78-15) елдері тұр. Жүлделік есепте Қазақстан 7-ші орынға шықты (16-2).