«Гүлнәр тур» банкротқа ұшырағаннан кейiн 40-қа тарта турагенттiк жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Гүлнәр тур» банкротқа ұшырағаннан кейiн 40-қа тарта турагенттiк жабылды

«Гүлнәр тур» банкротқа ұшырағаннан кейiн 40-қа тарта турагенттiк жабылды

«Гүлнәр тур» туристік компаниясының банкротқа ұшырағанынан кейін 40-қа тарта турагенттiк жабылды.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 616
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы туризм жөнiндегi кеңесiнiң мүшесi Инна Рэй ОКҚ-да өткен брифингте мәлiм еттi. 

«Гүлнәр турға» келетiн болсақ, былтыр бiз Түркияның Анталия сынды курортына танымалдылық күрт төмендегенiн байқадық. Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен бiрге жағдайды ушықтырмай ұстап қалғанның арқасында, «Гүлнәр турдан» алған турпакеттердi сақтап қала алдық. Дегенмен, соған қарамастан, «Гүлнәр тур» банкроттығынан кейiн 40-қа тарта турагенттiк жабылды», — дедi ол.


Оның айтуынша, туркиялық бағыт қазақстандықтар үшiн тиiмсiз болып кеттi. Себебi, ондағы баға бiршама өскен.

«Бiз сұраныстың былтырғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға төмендегенiн байқап отырмыз. Себебi, Ресейде экономикалық ахуал нашарлағандықтан, Түркия курорттарында ресейлiктер азайды. Сондықтан, қонақүйлердiң бағасы жоғарылаған», — дедi И. Рэй.