Гүлнара Каримоваға бірнеше бап бойынша айып тағылды - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гүлнара Каримоваға бірнеше бап бойынша айып тағылды - БАҚ

Гүлнара Каримоваға бірнеше бап бойынша айып тағылды - БАҚ

[wpcode id="1694287"] Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнара Каримоваға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды, оға

  • 28 Шiлде 2017
  • 349
Фото - Caravan.kz


Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнара Каримоваға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Өзбекстанның ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасы мен бас прокуратурасына сілтеме жасап. "Каримова Гүлнараға Өзбекстан Республикасының 168, 178, 182, 189, 228 және 243-баптары бойынша айып тағылды, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Каримоваға айып дәлелденген істердің негізінде тағылып отыр, сол істердің ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың, куәгерлердің, жәбірленушілердің жауаптары және ұйымдасқан топтың бақылауындағы 14 фирма мен 16 оффшор компаниясының қызметін тексеруден, жазбаша және заттай айғақ ретіндегі тәркіленген айғатар мен сараптамалардың қорытындылары бар", — делінген ведомствоның хабарламасында.
 

Соңғы жаңалықтар