Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Қазақстандық әнші Гүлсім Мырзабекова «Мулан» фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасы үшін «Адал, Батыл, Шыншыл» атты басты саундтректі орындады!
⠀
«Мулан» – бұл 1998 жылғы анимациялық фильмнің көркем фильм түріндегі ремейкі. Сюжет бойынша елді басқыншылардан қорғау үшін әр отбасынан бір ер адамды әскер қатарына тарту туралы қытай императоры шығарған жарлық құрметті жауынгердің үлкен қызы Муланды шабыттандырады. Ер адамша киінген бойжеткен басына түскен әрбір сынақта жігері мен қайратын көрсетеді.
Әншінің жақында шыққан “Қазағым-ай” әні көпшілік көңілінен шығып, Алматы қаласына келіп табиғаты ерекше Бартоғай бөгенінде mood видео түсіріп көрермен назарына ұсынған болатын.
Естеріңізге сала кетсек,
“Мұзды өлке” фильмінде де қаншама әншілер арасынан Гүлсім таңдалып, басты саундтректі орындаған еді. Disney-мен екінші рет жұмыс жасаған талантты әншімізге тек қана талмас қанат тілейміз.
“Мулан” фильміндегі қазақша саундтректі осы жерден тыңдай аласыздар.