Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы Stories-те көлікте кетіп бара жатқан видеосын жариялап, Қайрат Нұртасты орынсыз сынға алатындарға жауап берді.
"Екі күн болды ұлымның осы әнін тыңдасам, көзімнің жасы тыйылмай кетеді. Әлі соңына дейін бітпеген ән. Жүректен шыққан ән, жүрекке жететіні анық. Бүкіл өмірімді көз алдыма елестетті. Жан балам аман болшы. Ана деп шырылдаған жүрегіңнен, құлыншағым. "Мамасының баласы" дегендер ананы құрметтеуде сенен үлгі алсыншы. Әуелі жүректеріңізде бір Алла болсын. Екінші әрине, ол ана. ЕШбір ананы баласына сынақ беріп қинамасын", — деді Гүлзира Айдарбекова.