Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Кино жағына келетін болсақ, сценарийін дайындап қойдым. Енді түсірейін деп жатқан кезде Ерке Есмахан мен Төреғалидің киносы шығып жатты. Содан кейін ойладық, әнші болғаннан кейін бәрінің өмірі ұқсас. Солардың ұрлап алыпты деп айтпасын, біз күтейік, асықпайық, көктемге қарай түсірейік дедік. Әйтпесе осыдан екі ай бұрын бастап кетеміз деп бәрін дайындап қойғанбыз”, – дейді продюсер.
Айдарбекованың айтуынша, Қайрат өнер әлеміне көптеген жаңашылдық алып келді. Ал өзге әншілер көп жағдайда ұлымның ісін қайталайды, алайды онысын мойындамайды, дейді тәжірибелі продюсер.
“Бір шетінен қуанамын, кино болсын, үлкен 3Д шоу-концерт болсын, барлығын Қайрат бастап келе жатыр. Өткенде бір кісі айтып өтті: – Негізі идея ойлау оңай емес. Біреудің жасағанын көшіріп те адамдар көтеріліп жатыр. Бірақ оның бәріне бас болу керек, көмекшісі де мықты болу керек, – деп. Ешкімнен көшірмей, ізденістің арқасында, кино әлемінде де Қайрат түсірді, әншілер кете бастады. Бізден ұрлап қойды демеймін. Бірақ Қайраттың тасты қопарып, алдына шығып, бастап, жұртқа өнеге болып жатқанына мен қуанамын. Бірақ енді жұрттар “Қайраттан өнеге алдық” деп айтса… Көбісі айтпайды ғой. Бірақ мен соған қуанамын.
Бұрындары тек қана қара костюммен шығатын. Таспен, жалтыраған костюмдер киіп, нағыз жұлдыз сияқты шығарып, оның бәрін ойластырып, тіптен десеңіз аяқ киіміне дейін жалтыратып шығардық. Погонмен шықты, кейін ол қыздарға да сән болып кетті. Соның бәрі мысалға жастарға үлгі болып жатқаны мен үшін мақтаныш, қуаныш”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.