Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Гүлзира ханым желідегі парақшасында былай жазды:
Осыдан екі жыл бұрын Қайрат Меккеге келгенде, ата-анамды алып келсем екен деп ниеттеніп, Алладан шын жүрегімен сұраған екен. Күйбелең тіршілікпен Қайрат босаған кезде біздің тірлігіміз шығып қалады, түк болмағанда ағайындардың той-томалағы шығып,бармасақ ұят дейміз әйтеуір реті келмей жүрген.Ия, Алла сәтін салған екен міне келдік, Аллаға сансыз шүкір! Өзім армандағандай қонақ үйіміз тура Қағбаға қарсы, үлкен сағаттың астынғы қатарынан бәрімізге бір тұратын өз үйімізде жүргендей сезінетін пентxаус бұйырды.Қайраттың келетінін есітіп осындағы Қазақ азаматтары ойламаған жерден ерекше құрметпен күтіп алды.Еліміздегі тілеулес жандар Алла жеңілдігін берсін деп сәттілік тілегендер көп болып еді, расында тілектері қабыл болып, Меккеге келген күйде, сол 1-ші күні Қағбаны 7 рет дұға тілеп айналып болғанымыз сол, Қара тасты сүю бұйырды.Қанша күн болды айналып сүйе алмай жүргенімізге, Алланың сүйген құлы екенсіздер деп жатты көргендер.Ал бүгін біз мешітте 5 уақыт намаздың бәрін аяқтап, дүкен аралап ағайындарға жайнамаз, таспиx сыйлыққа қарап, асықпай Қағбаға барғанымыз сол, Алла тағы да сәтін салып, Қағба есігінің ашылғанына куә болып қатты қуандық.Біздегі сезімді сезіну үшін, бұл көріністі көздеріңізбен көрулеріңіз керек шығар айтып жеткізе алмаймын🕋😍😊👍❤️ Ылғый сіздерге тілеуші едім "Үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін" деп. Сол тілегімді Алла еселеп өзіме беріп жатқандай. Сіздерге де айтарым "Жақсы сөз жарым ырыс" деген. Бір-бірімізді өсектеп, мін іздеп күнәға батқанша, жақсы сөйлеп ырысқа батыңыздар. Сіздерге де Мекке есігі айқара ашылсын!".