Гүлзира Айдарбекова қиын жағдайда өмір сүріп жатқан екі балалы анаға көмектесу үшін киімдерін сатпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гүлзира Айдарбекова қиын жағдайда өмір сүріп жатқан екі балалы анаға көмектесу үшін киімдерін сатпақ

Гүлзира Айдарбекова қиын жағдайда өмір сүріп жатқан екі балалы анаға көмектесу үшін киімдерін сатпақ

Қайрат Нұртастың анасы Тараз қаласында қиын жағдайда тұрып жатқан әйелге көмектескісі келетінін айтты.

  • 24 Желтоқсан 2018
  • 28
Фото - Caravan.kz

Сол үшін продюсер киімдерін жеңілдікпен сатып, түскен ақшамен екі балалы анаға жәрдемдеспек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өз сөзінде Гүлзира Айдарбекова тараздық отбасының жағдайын естігелі бері ұйқысынан айырылғанын, сондықтан киімдерін жеңілдікпен сатып, көмектескісі келетінін айтты.

«Бұл келіншек Тараз қаласында тұрады. Күйеуі ішкілікке, одан да зорына салынып кеткен. Олар қыстың қақаған аязында есігі жоқ, «кленка» қағып қойған. Едені- цемент. Жалдамалы жер үйдің бір ғана бөлмесінде 10 мың тенге төлеп тұрады екен. Жалдамалы үйінің егесінің өзінің есік салып беруге жағдайы мәз емес. Осы ақшамен отбасын бағып отырған көрінеді. Өзінің алатыны – 16 мың тенге. Тек нан алуға ақшасы әрең жетеді екен. Сүйектері ыдырайып, денесінде ет қалмай, аштықтан сүйегіне жабысып қалған. Қолында 6 айлық баласы мен 6 жастағы қызы бар. Цементтің үстіне бір кілемше мен көрпеше төсеп, мұздай жерде балаларының бетіне қарап отырады екен. Не ұялы телефоны жоқ.

Қызы тек нанды бөліп жейміз депті. 6 айлық баласын 6 жастағы қызына тастап моншаға да бара алмайды екен», – деп жазды Айдарбекова Instagram желісіндегі парақшасында.


Ендігі Гүлзира ханым тараздық отбасыны жылы әрі ыңғайлы пәтерге көшіріп, тамақтарын жеткізіп отыруды ойға алған.

«Алла қаракөздерімізді нақақтан жылатпасын. Мұндай қиындықтарды жауымыздың басына бермесін. Қайта қолдан келсе, жұмыла кірісейік. Киімдерді ниет етіп алған адам, тек жеңілдікпен алғанынан басқа, аш отырғандардың сауабына да кенелетінін білсе екен. Еліміз тыныш, отбасымыз аман, ыстық ұямыз берекеге толы болып, сәбилеріміз жыламасын!» – дейді продюсер.

Соңғы жаңалықтар