М.Сәрсенбаевтың айтуынша, кейбір елдерде мұрагерлік салық мөлшері 65-70 процентке дейін жетеді. «Әсіреқызылдыққа салынуға әрине , болмайды. Бірақ, мұрагерлік құқыққа ие болған сәтте мұрагерлерден бар болғаны 20-30 процент көлемінде салық алу дұрыс деп санаймын»,- дейді М.Сәрсенбаев.
Оның пікірінше, бұл — «елдің байлығы есебінен мұрагерлікті рәсімдейтін миллионерлер мен олигархтардан жарым-жартылай болса да қаржыны қайтарып алуға» мүмкіндік береді. «Онсыз мемлекеттің қоржыны құралақан қалып отыр»,- деп пайымдайды декан.
Ал деканның өзінде мұраға қалған мүкәмалы бар — жоқтығы тұрғысында ақпарат жоқ.