Гватемала ел президентімен бірге ақырзаманға дайындала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гватемала ел президентімен бірге ақырзаманға дайындала бастады

Гватемала ел президентімен бірге ақырзаманға дайындала бастады

Бүтін әлем халқының аузындағы қауесет - 21 желтоқсанда болатын ақырзаманға орай,

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 288
Фото - Caravan.kz

Гватемалада абыздардың басшылығымен майя тайпасының қасиетті жерлерін аластау рәсімдері басталды. Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігінен хабарлады.

Абыздар бейбітшілікке қолжеткізу және адам санасын өзгерту мақсатында халықтардың, қоғамдар мен отбасылардың ынтымағы үшін баршаны жалпы медитацияға шақырады. Олардың пайымынша, тек осылайша ғана Жер-Ананы сақтап қалуға және Жер бетінде тұратын халықтардың шынайы бауырластығына жетуге болады. 21 желтоқсан күні Гватемалаға 200 мыңға жуық турист жиналады деп күтілуде. Негізгі іс-шаралар ел президенті Отто Перес Молиннің және көптеген шетелдік делегациялардың қатысуымен Тикаль ұлттық саябағында өтеді.

Еске салайық, ақырзаман туралы қауесеттер 2012 жылдың 21 желтоқсанымен аяқталатын көне үнді майя тайпасының күнтізбесінен шығып отыр. Осы күні майялықтардың болжауынша, Бесінші Күн Дәуірінің ұзақ есепті кезеңі аяқталады.