Жарияланды: 400

Гватемалада майя тайпасының көне қабірі табылды

Архелогтар Гватемаланың батыс бөлігінде майя тайпасының ең көне қабірін тапты.

Ғалымдардың пайымдауынша, қабірде 2 мың жыл бұрын өмір сүрген осы тайпаның билеушісі немесе діни адам жерленген. Қабірдің ішінен сүйектер табылмады, ғалымдардың пікірінше сүйек толығымен шіріп кеткен. Дегенмен қабірдің ішінен нефриттен жасалған әшекей бұйымдар мен адамның бейнесі бар мүсіндік алқа шықты. Бұл - Гватемала жерінен соңғы кездері табылған ең құнды археологиялық олжа, деп хабарлады ресейлік жаңалықтар қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін