Гватемалада жер сілкінісі құрбандарының саны 48 адамға жетті
Гватемалада болған жер сілкінісінің салдарынан құрбан болғандардың саны 48 адамға жетті, деп хабарлады ел Президенті Отто Перес Молина. |
«Өкінішке қарай, 48 адамның өлімін растауға мәжбүрміз», - деді Отто Перес Молина. Оның сөзіне қарағанда, тек Сан-Маркос департаментінде жерасты дүмпулердің салдарынан 39 адам қаза болды, бұл ретте, құрбан болғандардың саны әлі де артуы мүмкін. Қазіргі уақытта жарақат алғандардың саны 155 адамды құрайды, 100-ге жуығы із-түзсіз жоғалғандардың тізімінде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін